15 шілде 2019 09:21

Башқұртстанда автобус жол апатына ұшырады: 6 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "ВКонтакте"-дегі "Ufa1.ru | новости Уфы и Республики Башкортостан" тобы © "ВКонтакте"-дегі "Ufa1.ru | новости Уфы и Республики Башкортостан" тобы

Башқұртстанда Архангельск ауданында автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан қаза болғандар саны алты адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. 


Башқұртстанда Архангельск ауданында автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан қаза болғандар саны алты адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. 

Тағы он үш адам зардап шеккен, олар ауруханаларға жатқызылған. Бұған дейін ТЖМ бес адам қаза тауып, бес адам зардап шеккенін мәлімдеген болатын.

Автобус "Миндигулово - Набережные Челны" бағыты бойынша 39 жолаушы тасымалдаған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, көлік аударылып кеткен.

Тергеу комитеті "Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" және "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қызмет көрсету" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети