28 қаңтар 2022 12:28

Баскетболшы Коби Брайант пен оның қызына арналған ескерткіш қойылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Биыл әйгілі баскетболшы Коби Брайант пен қызының өмірден өткеніне екі жыл толды. Даңқты спортшы мен оның қызы Джианна қайтыс болған жерге ескерткіш орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ескерткіште спортшы "Лос-Анджелес Лейкерс" жейдесінде қолына доп ұстаған қызын құшақтап тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MEDINA (@medina_sculpture)

Ескерткіш 2020 жылдың қаңтарында Брайант пен оның қызы қайтыс болған тікұшақ апаты болған жерде орнатылды. Мүсінді Дэн Медина жасаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MEDINA (@medina_sculpture)

Халық мүсін алдына гүл шоқтары мен естелік бұйымдар қойып, баскетбол аңызына және қайғылы оқиға құрбандарына тағзым етті.

Мүсін қоладан жасалған және салмағы 72,5 келі. Ескерткіште ұшақ апатынан қаза тапқан қалған жеті адамның да аты-жөні ойып жазылған.

Еске салайық, баскетболдан NBA-нің бес дүркін чемпионы Коби Брайант пен оның 13 жастағы қызы Джианна Мария Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза болды. Тікұшақ құлаған бетте отқа оранған.

 41 жастағы Брайант жаттығуға өзінің жеке тікұшағымен кетіп бара жатқан. Баскетболшымен бірге тағы 7 адам көз жұмды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети