"Батаклан" театрын басып алғандар баспасөзбен байланыспақшы болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Батаклан" театрын басып алғандар баспасөзбен байланыспақшы болды - БАҚ © Lemonde.fr

"Батаклан" театрын басып алған лаңкестер прессамен байланысқа шыққысы келген, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Батаклан" театрын басып алған лаңкестер прессамен байланысқа шыққысы келген, - деп хабарлайды РИА Новости

"Төрт немесе бес рет телефон қоңырауы болды. Террроршылар кепілге алынған адамдардан BFM TV телеарнасына хабарласуды талап етті. Дегенмен бұл сәтсіз болды. "iTELE-ге хабарласыңдар" деді. Бұл да болған жоқ", - деді театрда болғандардың бірі. Ол лаңкестердің сенімсіз әрекет еткендерін айтты.

"Олардың ол жерге адамдарды өлтіру үшін барғаны анық, дегенмен кепілге алған кезде олар көп нәрсеге сенімсіз болды. Олар жару үшін барғаны анық. Дегенмен, меніңше, олар қашан жару керек екенін білмеді", - деді ер адам.

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети