Сурет zn.ua сайтынан алынған
"Батыс елдері Украинадағы саяси дағдарысты Ресей әскер кіргізу арқылы шешуге тырысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жексенбі күні Ұлыбритания мен АҚШ Мәскеуді көрші елде болып жатқан жағдайға ұстаныммен қарауға шақырды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Deutsche Welle ақпарат құралына сілтеме жасап. Британия сыртқы істер министрі Уильям Хэйг "интервенция Ресей мүддесіне қайшы" деп санайды. Сондай-ақ, ол Украинаның экономикалық жағдайының ауыр екенін, Еуроодақ пен Украина арасындағы еркін сауда аймағы ашылса, оған Ресей тарапынан ешқандай тосқауыл болмауы керектігін айтты. Өз кезегінде, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Сьюзан Райс "Украинадағы саяси дағдарысқа Ресейдің әскер араластыруы үлкен қателік болады" деп атап өтті. "Елдің екіге бөлінуі Украинаға да, Ресейге де, Еуроодаққа да, АҚШ-қа да тиімсіз. Жағдайдың ушығуына, зорлық-зомбылықтың қайта басталуына ешкім де мүдделі емес", - дейді Сьюзан Райс. Сондай-ақ, Райс Ресеймен бұрыннан тарихи және мәдени байланыста болып келген бұрынғы Украина мен Еуропаға бет бұрған жаңа Украинада қарама-қайшылық жоқ екенін атап өтті. Райстың сөзіне қарағанда, АҚШ Януковичті Украинаның көшбасшысы деп санамайды. "Ол кетті. Өз халқына қарсы шығып, ол легитимділікті жоғалтты. Ол өзінің қызметкерлерін, жиһазын, заттарын алып, Киевті тастап шықты", - дейді Ақ үй өкілі. Ал, жексенбі күні кешке Ресей сыртқы істер министрі Украинадағы елшісі Михаил Зурабовты Киевтен Мәскеуге шақыртып алды. Мұндай шешім Украинадағы дағдарыстың аса шиеленісуін ескере отырып, аталмыш жағдайды жан-жақты талқылау қажеттілігінен туындап отырған көрінеді. Бұған дейін Ресей билігі Украинаға әскер кіргізу туралы сөз қозғаған емес.
"Батыс елдері Украинадағы саяси дағдарысты Ресей әскер кіргізу арқылы шешуге тырысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жексенбі күні Ұлыбритания мен АҚШ Мәскеуді көрші елде болып жатқан жағдайға ұстаныммен қарауға шақырды" деп хабарлайды Tengrinews.kz Deutsche Welle ақпарат құралына сілтеме жасап.
Британия сыртқы істер министрі Уильям Хэйг "интервенция Ресей мүддесіне қайшы" деп санайды. Сондай-ақ, ол Украинаның экономикалық жағдайының ауыр екенін, Еуроодақ пен Украина арасындағы еркін сауда аймағы ашылса, оған Ресей тарапынан ешқандай тосқауыл болмауы керектігін айтты.
Өз кезегінде, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Сьюзан Райс "Украинадағы саяси дағдарысқа Ресейдің әскер араластыруы үлкен қателік болады" деп атап өтті. "Елдің екіге бөлінуі Украинаға да, Ресейге де, Еуроодаққа да, АҚШ-қа да тиімсіз. Жағдайдың ушығуына, зорлық-зомбылықтың қайта басталуына ешкім де мүдделі емес", - дейді Сьюзан Райс.
Сондай-ақ, Райс Ресеймен бұрыннан тарихи және мәдени байланыста болып келген бұрынғы Украина мен Еуропаға бет бұрған жаңа Украинада қарама-қайшылық жоқ екенін атап өтті.
Райстың сөзіне қарағанда, АҚШ Януковичті Украинаның көшбасшысы деп санамайды. "Ол кетті. Өз халқына қарсы шығып, ол легитимділікті жоғалтты. Ол өзінің қызметкерлерін, жиһазын, заттарын алып, Киевті тастап шықты", - дейді Ақ үй өкілі.
Ал, жексенбі күні кешке Ресей сыртқы істер министрі Украинадағы елшісі Михаил Зурабовты Киевтен Мәскеуге шақыртып алды. Мұндай шешім Украинадағы дағдарыстың аса шиеленісуін ескере отырып, аталмыш жағдайды жан-жақты талқылау қажеттілігінен туындап отырған көрінеді.
Бұған дейін Ресей билігі Украинаға әскер кіргізу туралы сөз қозғаған емес.