Байден АҚШ-та жалпыұлттық маска тағу режимін енгізбек - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байден АҚШ-та жалпыұлттық маска тағу режимін енгізбек - БАҚ Фото: REUTERS/Kevin Lamarque

Джо Байден билікке келмей тұрып, АҚШ-та жалпыұлттық маска тағу режимін ұйымдастырмақ, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джо Байден билікке келмей тұрып, АҚШ-та жалпыұлттық маска тағу режимін ұйымдастырмақ, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Байден бұған "губернаторлармен жұмыс істеу арқылы" қол жеткізбек, ал егер олар бас тартса, жеке округтермен іске асырмақ. 

Байден де президент Дональд Трамптың алдынан шыққан қиындықтарға тап болуы мүмкін. Себебі Трамп өзі коронавирус жұқтырып, ауырса да, маска тағуға күмәнмен қарайтын.

Дереккөз мәліметінше, АҚШ-та штат және округтерде жергілікті билік коронавирусқа қарсы күресте федералды биліктің ұсынымын елемей, жеке шара қабылдайды. Жергілікті билікті федералды билік күштей алмайды.

Айта кетейік, АҚШ COVID-19 жұқтырғандар мен коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша дүние жүзінде әлі бірінші орында тұр. Америкада 9,8 миллионнан аса адам КВИ жұқтырған және 237 науқас қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети