08 ақпан 2021 | 08:51

Байден АҚШ-та өлім жазасын алып тастайды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

АҚШ президенті Джо Байден өлім жазасын федерал деңгейде жоюға ниеттеніп отыр. Бұл туралы бірнеше БАҚ жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Star-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден өлім жазасын федерал деңгейде жоюға ниеттеніп отыр. Бұл туралы бірнеше БАҚ жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Star-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Байден АҚШ Әділет министрлігіне жаңа жазаларды жоспарлауды тоқтатуды тапсырған. Джо Байден өлім жазасына ашық түрде қарсы шыққан алғашқы президент екені айтылған.

Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псаки Байденнің өлім жазасына қатысты жоспары туралы сұрақтарға жауап берген жоқ.

Байден өзінің сайлау науқаны кезінде федерал деңгейде өлім жазасын жоюға уәде берген. Ол "федералды деңгейде өлім жазасын алып тастау туралы заң қабылдауға және штаттарды федерал үкіметтің үлгісімен жүруге шақыруға" уәде еткен.

2021 жылдың басында АҚШ-та әйелге 1953 жылдан бергі алғашқы өлім жазасы орындалды. 52 жастағы Лиза Монтгомериге Индиана штатындағы Терре-Хот түрмесінде өлім инъекциясы салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети