09 шілде 2021 | 13:08

Байден Америка әскерінің Ауғанстаннан шығарылуын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Reuters @Reuters

АҚШ президенті Джо Байден қарулы күштерді Ауғанстаннан шығару жайлы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Reuters.


АҚШ президенті Джо Байден қарулы күштерді Ауғанстаннан шығару жайлы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Reuters.

Ақ үйде сөйлеген сөзінде Байден ауғандар америкалықтардың тағы бір буынын құрбан етпей, соғыста өз мәселелерін өздері шешу керектігін мәлімдеді.

Президент Кабулдағы АҚШ елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 650 сарбаздан бөлек қалған әскерилер 31 тамызға дейін шығарылатынын айтты.

Байденнің айтуынша, АҚШ ел аумағына 2001 жылы кірудегі мақсатын орындап, 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін жаңа шабуылды болдырмау үшін "Аль-Каида" жанкештілерін жойған. Ол шабуылды ұйымдастырған Усама бен Ладеннің 2011 жылы америкалық сарбаздардың қолынан өлтірілгенін де айтты.

"Біз өз мақсатымызға жеттік. Ауғанстанға ұлттық құрылыс үшін бармадық. Өз болашағын шешу, елді басқару - бұл ауған халқының өз құқығы мен жауапкершілігі", - деді Байден.

Сонымен қатар, Байден аймақтағы елдерді Ауғанстандағы соғысушы тараптар арасындағы саяси тұрақтылыққа жетуіне көмектесуге шақырды.

Бұған дейін АҚШ Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан 9 мың ауғанды паналатуын сұраған еді. Қазақстандықтар бұл жаңалыққа өз қарсылықтарын білдірген. Алайда саясаттанушы Сұлтан Әкімбековтың айтуынша, АҚШ-тың мәлімдемесіне аса мән берудің қажеті жоқ, себебі бұған қатысты ресми мәлімдеме болмаған.

Ауғанстан президенті ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Хамдулл Мохибтің айтуынша, Вашингтон мен Кабул арасындағы байланыс кезінде АҚШ әскері шығарылған соң Орталық Азияда жаңа әскери база ашуды жоспарламағанын мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 483.21   534.87   5.11 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети