Байден бір жынысты неке туралы заңға қол қойды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:instagram.com/joebiden Фото:instagram.com/joebiden

АҚШ президенті Джо Байден ел тұрғындарының бір жынысты және ұлтаралық некеге тұру құқығын қорғауға қатысты "Некені құрметтеу туралы акт" атты заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден ел тұрғындарының бір жынысты және ұлтаралық некеге тұру құқығын қорғауға қатысты "Некені құрметтеу туралы акт" атты заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қол қою рәсімі вице-президент Камала Харристің, Сенат пен Өкілдер палатасының демократиялық көшбасшыларының, бірінші ханым Джилл Байденнің және ЛГБТ қозғалысы өкілдерінің қатысуымен өткен.


"Осы уақытқа дейінгі жол ұзақ болды, бірақ теңдік пен әділетке сенетіндер ешқашан берілмеді. Сіздердің көпшілігіңіз мен қол қоятын заң үшін күресіп, қарым-қатынастарыңызға, жұмыстарыңызға, өмірлеріңізге қауіп төндірдіңіздер. Мен өз атымнан және бүкіл ұлттың атынан рақмет айтамын", - деді Байден ЛГБТ қозғалысының өкілдеріне сөйлеген сөзінде.

Құжат АҚШ-тың кез келген штатын басқа штаттарда тіркелген біржынысты некені мойындауға міндеттейді, тіпті бұл штаттың өзі мұндай некені мойындамаса да қабылдауы қажет. Авторлардың ойынша, бұл жаңалық 1996 жылы қабылданған "Некені қорғау актісі" туралы федералды заңды алмастыруы керек. Онда неке "еркек пен әйел арасындағы одақ" ретінде сипатталады.

Айта кетейік, 2015 жылы АҚШ Жоғарғы соты бүкіл ел бойынша біржынысты некені заңдастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro