Байден Иранға ашық түрде сес көрсетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байден Иранға ашық түрде сес көрсетті Фото: instagram.com/joebiden

АҚШ президенті Джо Байден Иранға Израиль төңірегіндегі қазіргі жағдайда мұқият әрекет ету керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден Иранға Израиль төңірегіндегі қазіргі жағдайда мұқият әрекет ету керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы америкалық көшбасшы Ақ үйде еврей қауымдастығының жетекшілері алдында сөйлеген сөзінде айтты. Байденнің айтуынша, АҚШ Иранға бір белгі ретінде Шығыс Жерорта теңізіне америкалық ұшақ тасығыш кемесін ауыстырды, сонымен қатар аймаққа көбірек жойғыш ұшақтар жіберіп жатыр.

"Израильге жақын маңға ұшақтар мен кемелерді жұмылдыру Иранға сақ болу туралы ескерту болып табылады. Бұл лаңкестік шабуыл Холокосттан кейінгі еврейлер үшін ең қауіпті күн. Бұл шабуыл тек жеккөрушілік емес, таза қатыгездік, еврей халқына қарсы жеккөрушілік науқаны болды", - деді Байден мәлімдемесінде.

Иран Газа секторын басқаратын ХАМАС қозғалысының негізгі қаржылық және әскери демеушілерінің бірі болып табылады. АҚШ, ЕО, Германия және басқа да бірқатар елдер ХАМАС-ты террористік ұйым деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети