АҚШ президенті Джо Байден Кабулдан адамдарды эвакуациялау жүз пайыз сәтті болатынына кепілдік беруден бас тартты. Бұл туралы The Washington Post мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ президенті Джо Байден Кабулдан адамдарды эвакуациялау жүз пайыз сәтті болатынына кепілдік беруден бас тартты. Бұл туралы The Washington Post мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қателеспеңіз, бұл эвакуация миссиясы біздің қарулы күштер үшін қауіпті және ол қиын жағдайда жүріп жатыр. Мен соңғы нәтиженің қандай болатынына уәде бере алмаймын", - деді АҚШ президенті Ақ үйде сөйлеген сөзінде.
Байденнің мәліметі бойынша, Америка Құрама Штаттары 14 тамыздан бері Ауғанстаннан 13 мыңға жуық адамды эвакуациялаған.
АҚШ Әскери-әуе күштерінің басшылығы жұма күні Катардағы әуебазасы шекті қуатына жеткенін растады, сондықтан басқа әуебазалары Ауғанстаннан эвакуацияланғандарды қабылдай бастайды. Бұл Германиядағы Рамштайн әуебазасы, Вирджиния, Висконсин және Техастағы базалар.
U.S. service members and Allies are working tirelessly to safely evacuate individuals from Kabul.
— Ramstein Air Base (@RamsteinAirBase) August 20, 2021
Ramstein Airmen have been preparing around-the-clock to provide support, such as temporary lodging, as the base receives aircraft carrying evacuees in the coming days. pic.twitter.com/CnxfHFL5sS
Бұл арада америкалық БАҚ дереккөздерге сілтеме жасай отырып, АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Ауғанстанда АҚШ азаматтарын "Талибан" содырлары ұрғаны туралы мәлімдегенін хабарлады (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған), деп жазады РИА Новости.
Кейінірек Пентагон өкілі Джон Кирби бұл ақпаратты растады.
"Біз бұл туралы хабардармыз, жағдай қатты алаңдатады. Біз "Талибан" қозғалысына бұл дұрыс емес екенін, олар құжаттары бар америкалықтарды бақылау бекеттері арқылы тегін өткенін қалайтынымызды жеткіземіз. Негізінен солай болып жатыр", - деді Кирби брифингте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!