Байден коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байден коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына вакцина салу сәті америкалық көшбасшының Twitter парақшасында жүргізілді.

"Мен 65 жастан асқан адаммын, сондықтан маған бүгін үдеткіш вакцина салынды. Вакцинаны уақытында алу маңызды. Ең бастысы көп адам  вакцина алуын қамтамасыз етуіміз керек", - деді Байден, АҚШ халқының шамамен 23 пайызы вакцина алмағынын ескеріп.

Ақ үй басшысы үндеуінде Pfizer вакцинасымен толық вакцинациядан өткен америкалықтардың көпшілігі алты айдан кейін, қайта вакцина алуы мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети