Байден мен Меркель "Вашингтон декларациясына" қол қойды

© Reuters

Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Джо Байден "Вашингтон декларациясына" қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Джо Байден "Вашингтон декларациясына" қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Екі көшбасшының кездесуі барысында ел ынтымақтастығының жаңа форматтарын анықтайтын құжаттарға қол қойылды.

"Қарым-қатынасымыздың негізі демократиялық принциптерге, құндылықтар мен институттарға деген ортақ ұстаным. Біз бірге заңның үстемдігін қолдаймыз, ашықтық пен тиімді басқаруға ықпал етеміз, сондай-ақ азаматтық қоғам мен тәуелсіз БАҚ-ты қолдаймыз", - делінген құжатта.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Байден АҚШ пен Германия "демократия құндылықтары мен жалпыға ортақ құқықты" қолдайтынын мәлімдеді.

"АҚШ пен Германия болашаққа қатысты ұсыныстар айтатын америкалық-германиялық форум құруға ниетті. Негізгі экономикалық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшін біз экономикалық диалог бастаймыз", - делінген декларацияда.

Байден бұған дейін АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі демократияға қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама