01 маусым 2021 09:08

Бүкіл әлемдегі демократияға қауіп төніп тұр - Байден

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі демократияға қауіп төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі демократияға қауіп төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Америка көшбасшысы бұл мәлімдемені Вашингтон маңындағы Арлингтон ұлттық зиратында жасады.

"Демократияның өзіне қауіп төніп тұр, мұнда да, біздің үйде, бүкіл әлемде де", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір әлемде "демократия" мен "авторитаризм" арасында күрес жүріп жатыр. Байден тыңдаушыларына АҚШ қарулы күштері Корея, Вьетнам, Ауғанстан және Ирактағы соғыстарда, жалпы бүкіл әлем бойынша ұрыс алаңдарында "демократия үшін күрес жүргізгенін" еске салды.

"Демократия - басқару формасынан да үлкенірек нәрсе. Бұл өмір сүру тәсілі. Бұл әлемді көру тәсілі. Демократия дегеніміз - халықтың күші. Халық билігі. Монархтардың билігі емес", - деді Байден.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети