ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 26 қаңтар 2022 09:06
Байден Путинге қарсы қандай жағдайда санкция салынатынын айтты
АҚШ президенті Джо Байден егер Ресей Украинаға басып кірсе, Ресей президенті Владимир Путинге қарсы санкциялар қолдануды қарастыратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Байден Путинге қарсы санкциялар шабуыл болған жағдайда Ресей көретін "ауыр зардаптарының" бір бөлігі болатынын айтып отыр. Ол сондай-ақ Путин Украинамен шекараға тартылған жүз мыңнан аса әскермен не істейтінін білмейтінін атап өтті.
"Менің ойымша, тіпті өз адамдары оның не істейтінін нақты білмейді", - деді Байден.
Бұған дейін Байден Украинаны басып алған жағдайда Ресейді доллардан "кесіп тастау" туралы айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу