Байден Путинмен кездесуге дайын - Ақ үй

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байден Путинмен кездесуге дайын - Ақ үй Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға шабуыл жасалмаса, ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуге келісті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға шабуыл жасалмаса, ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуге келісті. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап.

Байден әкімшілігі Ресейдің Украинаға басып кіруі келіссөздің тоқтауына себеп болуы мүмкін екенін айтты.

"Президент бірнеше рет ашық айтқан болатын, шабуыл басталғанша дипломатиялық қарым-қатынаста боламыз. Президент Байден егер шабуыл жасалмаса, президент Путинмен қайта кездесуге келісті", - делінген хабарламада.

Псакидің айтуынша, америкалық көшбасшы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің келіссөздерінен кейін Ресей президентімен кездесуге дайын.

"Біз әрқашан дипломатияға дайынбыз. Егер Ресей соғысты таңдаса, салдарға дайынбыз. Қазіргі уақытта Ресей жақын арада Украинаға шабуыл жасауға дайындықты жалғастырып жатқан сияқты", - делінген хабарламада.

Бір күн бұрын Елисей сарайында Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден Француз басшысы Эммануэль Макронның Еуропадағы қауіпсіздік және стратегиялық тұрақтылық саммитін өткізу туралы ұсынысын қабылдағанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети