АҚШ президенті Украинадағы жағдай бойынша халыққа үн қатты. Джо Байден Ресей Украинаға басып кіруге дайын екенін мәлімдеп, АҚШ өз әскерін жібермейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ президенті Украинадағы жағдай бойынша халыққа үн қатты. Джо Байден Ресей Украинаға басып кіруге дайын екенін мәлімдеп, АҚШ өз әскерін жібермейтінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
АҚШ президенті үндеу кезінде Вашингтонда Ресей Украинаға жақын арада шабуыл жасайтыны туралы мәлімет барын айтты.
"Бізде ресейлік күш Украинаға алдағы аптада, алдағы күндері шабуыл жасайтынын айтуға негіз бар. Олар 2,8 миллион халқы бар Киевке шабуыл жасауды жоспарлап отыр деп санаймыз", - деді Байден.
Бірақ Байден Ресей мұндай әрекетке баратынын дәлелдейтін дерек келтірмеді.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Ресей басшысы Украина бойынша шешім қабылдағанын айтады. Нақтылау сұраққа Байден дипломатия үшін нұсқа барын, "дипломатия үшін жол ашық екенін" айтты.
Джо Байден америкалық әскерді Украинаны қорғау үшін жібермейтінін тағы бір еске салды, бірақ егер Ресей соғысты бастаса НАТО Альянс шекарасын қорғайтынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!