12 ақпан 2022 | 10:29

Байден Ресей Украинаға шабуыл жасайтын күнді атады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ президенті Джо Байден 11 ақпанда Батыс елдерінің басшыларымен, Еуропалық одақ пен НАТО-мен бейнеконференцияда Ресей Украинаға "басып кіретін күн" 16 ақпан екенін айтты. Бұл туралы Politico газетіне ақпарат көздері айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Джо Байден 11 ақпанда Батыс елдерінің басшыларымен, Еуропалық одақ пен НАТО-мен бейнеконференцияда Ресей Украинаға "басып кіретін күн" 16 ақпан екенін айтты. Бұл туралы Politico газетіне ақпарат көздері айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Басылым "америкалық шенеуніктерге" сілтеме жасап "Ресей 16 ақпанда Украинаға физикалық шабуылын бастайтынын" хабарлады... "Вашингтон да одақтастарына бұған зымыран шабуылдары мен кибершабуылдар себеп болуы мүмкін екенін айтты". Бұл мәлімдемелердің дәлелі жарияланымда көрсетілмейді.

Сондай-ақ, Байденнің кейбір серігі қақтығыс ушығатыны сөзсіз деген америкалық барлау мәліметтеріне күмәнмен қарағаны да хабарланды. 

"Еуропалықтар картинаны басқаша көріп тұрғанын айтты. Ұлыбританиялық шенеунік 16 ақпан туралы "бізде басқаша ақпарат бар" деді. Еуропалық Одақтың екі дипломаты бұған одан да күмәнмен қарады. Біреуі "олар әлі де мұндайдан бас тартады" деді", - делінген басылымда.

Der Spiegel мәліметі бойынша, CIA (Орталық барлау басқармасы) мен АҚШ әскери күштері НАТО елдеріне Ресейдің Украинаға басып кіруі мүмкін екені туралы хабарады. Аталған күн сол - 16 ақпан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей кез келген уақытта Украинаға басып кіруі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Осыған ұқсас мәлімдемені АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да жасаған. Ол америкалық барлау мәліметтері бойынша, Ресей шабуылды әуеден бастап, қақтығыс кезінде Киевке басып кіруі мүмкін екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети