Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады Фото: © Reuters

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция қолдануды мақұлдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция қолдануды мақұлдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Вашингтон Мәскеудің доллар, фунт және йенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектемек. Сондай-ақ, Байден штаттар ВТБ-мен қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын айтты.

"Бірігіп шамамен, 1 триллион долларды бақылайтын ресейлік банктерге санкция салып жатырмыз. Ресейлік банк активтерінің үштен бір бөлігінен астамына иелік ететін ең ірі ресейлік банкті америкалық қаржы жүйесінен ажыратамыз", - деді Байден. 

Сондай-ақ, АҚШ пен одақтастары Ресейдің жоғары технология өнімдері импортын 50 пайызға шектемек, деді ол. Санкциялар Ресейдің ең ірі мемлекеттік компаниялары, ресейлік ғарыш бағдарламасы облигацияларына да әсер етеді.

Бұған дейін Ұлыбритания ВТБ мен "Аэрофлот" әуекомпаниясына қарсы санкция салған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети