Бейбітшілік саласында Нобель сыйлығы Эфиопия шенеунігіне берілді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбітшілік саласында Нобель сыйлығы Эфиопия шенеунігіне берілді ©REUTERS

Эфиопияның премьер-министріне Нобель сыйлығы табысталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эфиопияның премьер-министріне Нобель сыйлығы табысталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

2019 жылғы Нобель сыйлығын Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Али алды.

"Аймақтағы бейбітшілікті реттеу бойынша жұмсаған күш-жігері үшін берілді. Комитет оның Эритреямен бейбіт келісім жасау жөніндегі еңбегін атап өтті", - деп мәлімдеді норвегиялық Нобель комитетінің өкілі Ослодағы салтанатты кеште. 

Бейбітшілік сыйлығы XIX ғасырдың соңында швед өнертапқышы Альфред Нобель қалдырған бес марапаттың бірі. Оны табыстау рәсімі Ослода және сол күні Стокгольмде Нобель сыйлықтарының негізін қалаушы қайтыс болған күні, яғни 10 желтоқсанда өтеді.

2019 жылғы Нобель сыйлықтарының әрқайсысының бағасы тоғыз миллион швед кроны (шамамен 900 мың доллар).

Мұның алдында әдебиет, медицина, физика және химия бойынша лауреаттардың есімі белгілі болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети