Бейнебақылау камералары Стокгольмде адамдарды қаққан жүк көлігін түсіріп алды

© REUTERS

Видеода адамдарды? есі шы?ып, д?кендерге ?арай ж?гіргені т?сірілген, бірнеше секундтан со? ?атты жылдамды?пен ж?к к?лігі ?те шы??ан.  

Видеода адамдардың есі шығып, дүкендерге қарай жүгіргені түсірілген, бірнеше секундтан соң қатты жылдамдықпен жүк көлігі өте шыққан.  

Еске салайық, Стокгольм қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған Дроттнинггатан көшесінде жүк көлігі бір топ адамды қағып, үшеуін мерт қылды, тағы сегіз адам жарақат алды.

Реклама
Реклама

Бұл туралы Швеция радиосы оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап хабарлады. Полиция жаяу жүргіншілерді қаққан күдіктіні ұстады. 

Швеция премьер-министрі Стефан Левен Стокгольм орталығында жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасын теракт деп бағалады.

Жүк көлігі қатты жылдамдықпен қозғалып көшеде серуендеп жүрген адамдарды қаққан. Жүк көлігі артынша көшедегі бір дүкенге кіріп кеткен, - деп хабарлайды Швеция Радиосы. 

ҚО Сыртқы істер министрлігі және Швециядағы Қазақстан елшілігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. 

"Швеция астанасындағы біздің дипломаттар зардап шеккендер туралы мәліметті тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта Швециядағы ҚР Елшілігінде Қазақстанның 120 азаматы тіркелген", - деді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.  


Twitter.com / Lorand Bodo 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама