Беларусь президенттігіне экс-кандидат 14 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Виктор Бабарико. © REUTERS Виктор Бабарико. © REUTERS

"Белгазпромбанк" басқармасының бұрынғы төрағасы Виктор Бабарико 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Жоғарғы сот үкімді 6 шілдеде жариялады, - деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Белгазпромбанк" басқармасының бұрынғы төрағасы Виктор Бабарико 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Жоғарғы сот үкімді 6 шілдеде жариялады, - деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі. 

Бабарикоға аса ірі мөлшерде пара алып, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты аса ірі мөлшерде заңдастырды деген айып тағылды.

"Қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы Бабарикоға 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, күшейтілген режим жағдайында түзеу колониясында 5 мың базалық мөлшерде айыппұл салып, ұйымдастырушылық, әкімшілік және әкімшілік-шаруашылық міндеттерін орындаумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан бес жылға айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья Игорь Любовицкий.

Бабарикодан 47 миллион белорус рублінен аса қаржы өндірілген.

"Бабарикодан алынған суреттер де қылмыстық жолмен алынған кірісті төлеуге арналған. "Белгазпромбанктің" меншігі болып табылатын суреттер банкке қайтарылды", - деді бас прокуратураның мемлекеттік айыптау бөлімінің аға прокуроры Сергей Гиргель.

Үкім қайта шағымдауға жатпайды және жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

Айта кетейік, "Белгазпромбанк" топ-менеджерлерінің соты 17 ақпанда басталды. Істі Жоғарғы сот қарады. Сот ісі ашық қарастырылды.

Бабарико "Белгазпромбанкті" былтыр жаз мезгілінде Беларусь президенттігіне үміткер болуға шешім қабылдағанға дейін 20 жыл басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro