24 мамыр 2021 12:28

Беларусь ұшақтарына Еуропалық Одаққа кіруге тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Бельгия премьер-министрі Александр Де Кроо Беларусьтің "Белавиа" әуекомпаниясы ұшақтарының Еуропалық Одақ аумағына қонуына тыйым салуды қарастыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бельгия премьер-министрі Александр Де Кроо Беларусьтің "Белавиа" әуекомпаниясы ұшақтарының Еуропалық Одақ аумағына қонуына тыйым салуды қарастыруға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол ирландиялық Ryanair лайнерінің Минскіде қонуға мәжбүр болғанын орынсыз деп атады. Саясаткер Роман Протасевич дереу босатылуы керек екенін айтты. Бұл туралы саясатке Twitter-де жариялады.

"Ryanair FR4978 рейсінің мәжбүрлі қонуы орынсыз. Ертең Еуропалық Кеңес нақты хабарлама беруі керек. Біз санкциялар туралы, соның ішінде "Белавиа" ұшақтарының ЕО әуежайларына қонуына тыйым салуды қарастыруымыз керек", - деп жазды премьер-министр.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. 

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Кейін Роман Протасевич отырған Ryanair әуекомпаниясының ұшағын қондыру туралы бұйрықты Беларусь президенті Александр Лукашенко бергені анықталды.

Батыс елдері тез арада Nexta негізін қалаушысын босатуды талап етті. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети