Беларусьте билікті басып алуға үндегендер үстінен қылмыстық іс қозғалды

Дәурен Ерболат
Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьте билікті басып алуға үндегендер үстінен қылмыстық іс қозғалды Фото ©REUTERS

Беларусьтің құқық қорғау органдары үйлестіру тобын құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьтің құқық қорғау органдары үйлестіру тобын құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үйлестіру тобын құру және оның қызметі мемлекеттік билікті басып алуға бағытталған. Сондай-ақ, ол Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді көздейді. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 361 бабы бойынша ("Беларусь Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған іс-әрекеттеге шақыру") қылмыстық іс қозғалды", - дейді Беларусьтің бас прокуроры Александр Конюк журналистерге.

Арнайы үйлестіру тобы президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяның бастамасы бойынша құрылған болатын. 19 тамызда кеңес құрылып, төралқа мүшелері сайланды. Сонымен қатар, жиында қарар қабылданды. Нәтижесінде үйлестіру тобының төралқа мүшелігіне Светлана Алексиевич, Лилия Власова, Сергей Дылевский, Максим Знак, Ольга Ковалькова, Мария Колесникова, Павел Латушко кірді.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети