Беларусьте митинг туралы хабар таратқан екі журналист ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьте митинг туралы хабар таратқан екі журналист ұсталды © РИА Новости

"Радио Рация" радиостанциясының тілшісі мен белаПАН порталының тілшісі 6 қыркүйекте Беларусьте наразылық акциялары кезіндегі жұмысы кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Беларусь журналистер қауымдастығының (BAZH) Telegram арнасында айтылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Радио Рация" радиостанциясының тілшісі мен белаПАН порталының тілшісі 6 қыркүйекте Беларусьте наразылық акциялары кезіндегі жұмысы кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Беларусь журналистер қауымдастығының (BAZH) Telegram арнасында айтылған.

"Демонстранттар колоннасын таратқан кезде Чеботарев көшесінің (Минскіде) маңында "Радио Рация" журналисі, BAZH мүшесі Артем Сизинцев ұсталды. Ол автокөлікте екенін, милицияға әкетіп бара жатқанын айтып үлгерді. Могилевте белаПАН тілшісі Алеся Осипцова ұсталды. Ол "Могилев" қонақүйіне қарама-қарсы тұста ұсталған, журналистің үстінде жилеті және құжаттары болған", - делінген хабарламада.

РИА Новости хабарына қарағанда, жексенбіде, 6 қыркүйекте Беларусь қалаларында наразылық акциялары өтіп жатыр, құқық қорғау органдары митингіге шыққандарды ұстап жатыр. Акцияның кем дегенде 16 қатысушысы ұсталғаны айтылады.

Оппозицияның жаппай наразылық акциялары 9 тамызда Беларусьте Александр Лукашенко президент сайлауында алтыншы рет жеңіске жеткеннен кейін басталды. ОСК мәліметі бойынша, ол 80,1 пайыз дауыс жинаған. Акцияның алғашқы күндерінде қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге қарсы, нәтижелермен келіспейтіндерге қарсы жас ағызатын газ, суатқыштар, жарық шуы гранаталары, резеңке оқтар қолданды.

Содан кейін құқық қорғау органдары митингілерді таратуды және күш қолдануды тоқтатты. Ресми мәліметтер бойынша, алғашқы күндері 6,7 мыңнан аса адам ұсталды. Республика ІІМ хабарына қарағанда, тәртіпсіздіктер барысында жүздеген адам зардап шекті, олардың ішінде құқық қорғау органдарының 130-дан астам қызметкері бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети