Беларусьте сайлау қарсаңында жаппай тәртіпсіздік болып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьте сайлау қарсаңында жаппай тәртіпсіздік болып жатыр © Reuters

Беларуcьте сайлау алдында жағдай ушығып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, криминалдық милиция басшысы Геннадий Казакевич "Беларусь 1" телеарнасындағы эфирде айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларуcьте сайлау алдында жағдай ушығып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, криминалдық милиция басшысы Геннадий Казакевич "Беларусь 1" телеарнасындағы эфирде айтты.

"Сайлау алдында елдегі жағдайдың ушығып жатқанын хабарлаймыз. Мұнда қандай да бір қоғамдық тәртіп бұзу мен сайлау заңнамасын бұзу туралы айтылып тұрған жоқ. Көбіне біз алдын ала жоспарланған, дайындалған акцияларды байқап отырмыз", - деді Геннадий Казакевич.

Оның айтуынша, соңғы уақытта белгісіз біреулер парламентте сайлау өткізген сайлау комиссиясының төрағаларын қорқытып жүр. Олардың отбасылары мен отбасы мүшелерін де қорқытып жүр дейді.

ІІМ бірінші орынбасары милицияда мұндай қорқытуларды ауыздықтайтын құрал жеткілікті екенін ескертті.

TUT.BY мәліметінше, кеше, 31 мамырда Беларусьте президент сайлауына қатысқысы келетін кадидаттарды жинау үшін облыста және қалаларда, аудан орталықтарында халық өз кандидаттарына қол қойдыру үшін көшеге шыққан. Ұзын-сонар кезек пайда болған.

Нәтижесінде бірнеше белсенді милицияға жеткізілген. Айта кетейік, Беларусьте сайлау 9 тамызға белгіленді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети