14 тамыз 2020 | 09:24

Беларусьтегі наразылықтың бесінші - ең бейбіт күні қалай өтті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости© РИА Новости©

Беларусьте бесінші күн қатарынан президент сайлауының нәтижелеріне қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Беларусьте бесінші күн қатарынан президент сайлауының нәтижелеріне қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 тамызда таңертең республика бойынша мыңдаған адам тізіліп қол ұстасып, тілектес екенін білдірді. Алғашқылары Минск көшелерінде таңертең 8-де тұрды және түске қарай қаладағы барлық ауданда осындай адамдар шықты. Ал жүргізушілер көлігінің сигналын басып қолдады.

Бейбіт наразылық шаралары Беларусьтің барлық қаласында дерлік өтті. Тәртіпті қадағалайтын қызметкерлер ешкімді тұтқындамады.

Минскіде олар қала орталығынан түрлі көшенің бойымен жүрді. Жүз адамнан топтасты, көбіне - әйел адамдар. Олар ақ киім киіп, қолдарына гүл ұстады - Беларусьтегі наразылықтың символы.

Таңертең оларға дәрігерлер де қосылды, кейін мемлекеттік филармония қызметкерлері. Олардың қолында "Біздің дауысымызды ұрлады" деген плакаттар болды.

Минск, Гродно, Жодино және басқа қалаларда бейбіт шараға шыққандарды қолдап, бір уақытта бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Олар кәсіпорын басшылары мен атқарушы билікке тұтқындалғандарды босатуды талап етті.

Адамдар қол шапалақтамауды сұрады. Себебі құқыққорғау органдары мұндай жағдайда күш қолданады. Алайда босап шыққандар оларды уақытша қамау изоляторында емес, ОМОН қызметкерлері ұрғанын айтты.

Кейін ІІМ басшысының орынбасары - қоғам қауіпсіздігі милициясының бастығы Александр Барсуков Минскіде шара кезінде ұсталғандарды таңертеңгі сағат 06.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09.00) босататынын мәлімдеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети