Белгілі тележүргізуші Дана Борисова уланып өлмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі тележүргізуші Дана Борисова уланып өлмек болған © 24smi.org

Ресейлік белгілі тележүргізуші Дана Борисова әсері күшті психотроп дәрінің он таблеткасын ішіп, өзіне қол салмақ болған, - деп хабарлайды Mash. Мұның алдында бұл дәріні ем үшін дәрігер жазып берген. 

Алайда тележүргізуші жедел жәрдемді өзі шақырған. Телефон арқылы өзінің шын атын атамай, дәрігерлерді Киселева деген жалған атпен шақыртқан. 

Келген дәрігерлер Борисованың ішін шайып, ауруханаға жатуға кеңес берген. Алайда тележүргізуші бас тартқан екен. Әсері күшті бұл дәрі адамның өліміне, кома немесе ішкі органдардың ауыр зардаптарына әкелуі мүмкін екені хабарланып отыр. Сол себепті алаңдаушылық білдірген дәрігерлер тележүргізушінің үйіне түн ішінде тағы бірнеше рет оралған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети