Белгісіз хакерлер банктен 1,5 миллион доллар ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз хакерлер банктен 1,5 миллион доллар ұрлап кетті © ruscur.ru

Хакерлер ресейлік банктен 100 миллион рубльді (1,5 миллион доллардан аса) ұрлап кеткен. Бұл туралы екі дереккөз мәлімдеді, біреуі ақпараттық қауіпсіздік және ОБ қатысы бар адам, - деп хабарлайды "Коммерсант".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хакерлер ресейлік банктен 100 миллион рубльді (1,5 миллион доллардан аса) ұрлап кеткен. Бұл туралы екі дереккөз мәлімдеді, біреуі ақпараттық қауіпсіздік және ОБ қатысы бар адам, - деп хабарлайды "Коммерсант".

Бір нұсқа бойынша, автоматты банк жүйесі бұзылған, яғни бұл хакерлік шабуылдың бірінші түрі. Ресей банкі баспасөз қызметі хакерлік шабуылды растап отыр, алайда нақты ештеңе айтқан жоқ. ОБ өкілінің мәліметінше өңірлік банктің филиалы шабуылға ұшыраған және осы бөлімшедегі қаражат ұрланған. 

Хакерлер банк жүйесіне кіріп, "Диасофт" компаниясы жасаған автоматты банк жүйесін бұзған. АБЖ жүйесінен ақша ауыспалы адреске кеткен. Егер бұл мәлімет расталса, онда бұл аса ірі көлемдегі ұрлық болып саналады. 

Жүйеде жұмыс істеу үшін, жалпыға қол жетімді желіні қолданбай, банктың IT-инфраструктурасын пайдаланады. Ресей банктері АБЖ жүйесінде "Диасофт", ЦФТ, R-Style Softlab, БИС отандық компаниялары қызмет көрсетеді. "Диасофт" компаниясы 300-ге жуық банкке қызмет көрсетеді екен, соның ішінде Сбербанк, Газпромбанк, Альфа-банк.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети