13 наурыз 2014 | 11:36

Белгісіз біреулер Киевтің орталығындағы банкті басып алды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ubb.com.ua сайтынан алынды Фото ubb.com.ua сайтынан алынды

Бетперде киген 20 шақты қаруланған ер адамдар Киевтің орталығындағы банкті басып алды және ақша сақталған қоймаға кіруге талпынып отыр, деп хабарлайды УНИАН агенттігі. Агенттіктің хабарлауынша, белгісіз біреулер Укрбизнесбанк бөліміне баса-көктеп кірген. Оқиға болған жерге милицияның екі жасағы мен "Титан" арнайы бөлімінің сарбаздары келген. "Құқық қорғаушылар Московский көшесін жауып тастап, әзірге бақылау жүргізіп отыр", - делінген хабарламада. Осы кезде Майдан өзін-өзі қорғау мен "Оңшыл сектор" ұйымы да өз адамдарының Киев орталығындағы банкті басып алу оқиғасына қатысын жоққа шығарды. Сонымен бірге агенттік бетперде киген белгісіз біреулер кейіннен банктің күзетшісін босатып жібергенін жеткізді. Күзетшілердің бірінің айтуынша, оларды босатар алдында қастарына бір адам келіп, өздерінің банкті тонауға емес, оны қорғауға келгенін мәлім еткен. Бұдан кейін Майдан өзін-өзі қорғау белсенділерінің өкілі мен бетперде кигендер арасында келіссөз жүргізілген. Осының нәтижесінде басып алушылар Киев орталығындағы банкті босатып, берілуге келіскен. "Оларды алып кетуі тиіс автобус ғимараттың кіре берісіне әкелінді", - делінген хабарламада.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети