Белгісіз біреулер Украина ұшағын Ауғанстаннан ұрлап кетті - СІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз біреулер Украина ұшағын Ауғанстаннан ұрлап кетті - СІМ Фото:mil.gov.ua

Кабулдағы украин және басқа ел азаматтарын эвакуациялау кезінде белгісіз біреулер Украина ұшағын басып алып, Иранға ұшып кетті. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Громадське радіо" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кабулдағы украин және басқа ел азаматтарын эвакуациялау кезінде белгісіз біреулер Украина ұшағын басып алып, Иранға ұшып кетті. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Громадське радіо" басылымына сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрінің орынбасары өткен аптада Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба басқаратын барлық дипломатиялық қызмет апаттық сынақ режимінде жұмыс істегенін айтты.

"Өткен жексенбіде біздің ұшақты басқа адамдар басып алды. Сейсенбі күні ұшақ ұрланды - ол Украина азаматтарын шығарудың орнына, бортына белгісіз жолаушыларды отырғызып Иранға ұшып кетті", - деді Енин.

Оның айтуынша, украиндарды эвакуациялау бойынша үш әрекет те сәтсіз болған. Себебі адамдар әуежайға жете алмаған.

Дүйсенбі күні кешке Ауғанстаннан көшірілген жолаушылары бар үшінші ұшақ "Борисполь" әуежайына қонды, бортта 98 адам болған, оның ішінде 41-і Украина азаматы. Әзірге Ауғанстанда 50-ден аз Украина азаматы бар екені хабарланды.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) жиналған адамдарды тарату үшін Кабул әуежайына арнайы күштер батальонын жібергені хабарланған болатын. Мыңдаған ауған елден кетуге тырысып, әуежай маңына жиналған. Бірақ тәліптер бұйрығымен барлық азаматтық рейс тоқтатылды, ал әуежай екі күнге жабылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети