Берлин орталығында жүк көлігі жиналған халықты қақты: 12 адам қаза тапты, 48-і жараланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кетті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кетті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Басылымның мәліметінше, оқиға орнын полиция қоршауға алған. Мұнда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктері келген. Жергілікті БАҚ-тар адамдарды қаққан жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлап отыр.

Қала полициясы Twitter желісінде тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін қаза болғандардың саны 12-ге жетті. Сондай-ақ, ауруханаға 48 адам жеткізілген. Полицейлер бұл оқиғаны теракт болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлады N-TV құқық қорғау органдарының өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұдан кейін жарақат алғандардың ішінде туристердің де болғанын айтады. Бұл туралы Берлин полициясының ресми өкілі оқиға орнында журналистерге хабарлады. Берлин полициясы әлеуметтік желілерде қала тұрғындары мен қонақтарынан рождество жәрмеңкесіндегі шабуылға байланысты көшеге шықпауын сұрап отыр.

Ал Washington Post Ирактағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ДАИШ-тың бұл қылмысты өз мойнына алғанын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro