31 наурыз 2021 15:07

Берлин тұрғындарына COVID-19 сынағынсыз дүкенге баруға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Берлин тұрғындары коронавирус сынағының теріс нәтижесі болмаса, азық-түлік сатылмайтын дүкендерге бара алмайды. Эпидемияға қарсы мұндай шаралар бүгін, 31 наурызда күшіне енді, - деп хабарлайды Berliner Zeitung.


Берлин тұрғындары коронавирус сынағының теріс нәтижесі болмаса, азық-түлік сатылмайтын дүкендерге бара алмайды. Эпидемияға қарсы мұндай шаралар бүгін, 31 наурызда күшіне енді, - деп хабарлайды Berliner Zeitung.

Дәріхана мен азық-түлік дүкенінен басқа кез келген сауда нысанына бару үшін сол күні жасалған сынақты көрсету керек, себебі тест тек 24 сағатқа жарамды. Анықтамада коронавирус сынағы теріс нәтижесі көрсетуі қажет. 

Кейбір сауда орталығы өз клиенттері үшін экспресс-тестілеу ұйымдастыруға, сондай-ақ супермаркеттер маңындағы автотұрақтарда анализ тапсыру орындарын жасауға дайын екені атап өтілді.

Сонымен қатар, қазір Берлин тұрғындары әдеттегі медициналық маскалар орнына FFP2 жоғары қорғаныс респираторларын киюі керек. Ел билігі қарапайым медициналық маскалар бұл жағдайда тиімсіз деп санайды.

Осындай шараларды Австрия да енгізуді жоспарлап отыр. 7 сәуірден бастап австриялықтар дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық сауда нүктесіне барғанда коронавирус сынағының теріс нәтижесі бар анықтама көрсетуі керек.

Еске салайық, 28 наурызда Германия саяхатшыларға кіру ережелерін қатаңдатқан. ФРГ-ге Қазақстан азаматтары ерекше жағдайларда ғана (бала тууы, үйлену тойы, жерлеу рәсімдері, ауыр сырқат кезіндегі көмек) кіре алады. Сондай-ақ, жақын туыстарына: жұбайына, кәмелетке толмаған балаларына немесе кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына елге кіруге рұқсат етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети