Берлинде Таяу Шығыстан келген бірнеше босқын Ресейдің тумасы делінген 13 жастағы қызды жабылып зорлаған. Жантүршігерлік осы оқиға Ресейлік немістердің Халықаралық конвентінің сайтында жария болды, - деп хабарлайды "Россия-24".

Қыздың айтуынша, оны кем дегенде бес адам ұстап алып, көлікке салып, кейін көзін байлаған. Кейін бос пәтерге әкелген, бөлме ішінде бір ғана төсек орны бар екен. Осыдан кейін, қыздың айтуынша, олар оны 30 сағат бойы зорлапты. Ес-түссіз қызды босқындар Берлиндегі аудандардың бірінде тастап кетіпті.
Берлин полициясы бұл мәліметті ресми түрде растамады. Қыздың мектепке бара жатқан кезінде жоғалып кеткені айтылады. Оның туыстары қызды бір тәуліктен кейін тапқанын айтады. Қыздың ағасы болса полицияның бұл оқиғаға қажетті түрде назар аудармағанын, сондықтан БАҚ-тың көмегіне жүгінуге тура келгенін хабарлаған.
Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Facebook әлеуметтік желісінде түр-кескіні арабтарға ұқсас ер адамның қызды зорлағанын мойындаған сәті бейнеленген видео жария болды.