Берлинде мыңдаған адам арнайы қызметтің жаппай тыңшылық жасауына қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берлинде мыңдаған адам арнайы қызметтің жаппай тыңшылық жасауына қарсы шықты ©Vesti.ru

Берлинде мыңдаған адам арнайы қызмет қарапайым адамдарға жаппай тыңшылық жасауды тоқтатсын деп шеруге шықты, - деп хабарлайды Вести.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берлинде мыңдаған адам арнайы қызмет қарапайым адамдарға жаппай тыңшылық жасауды тоқтатсын деп шеруге шықты, - деп хабарлайды Вести.

Шеруге шыққандар Бранденбург қақпасынан канцлердің кеңсесіне дейін жүріп өтті. Олардың басты ұраны: "Қорқыныш емес, бостандық" болған. Сондай-ақ жиналғандардың көпшілігі қолдарына "Сығалауды доғарыңдар" деген жазуы бар плакаттарды ұстап жүрген. 

Шеруді ұйымдастырушылардың қатарында Amnesty International секілді біріккен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының көшбасшылары болған. Шеруге шыққандардың айтуына қарағанда, Эдвард Сноуден әшкерелеген және бірнеше тыңшылық дауларға қарамастан америкалық, британдық және неміс барлау өкілдері әлі де қарапайым адамдарды бақылауын жалғастырып келеді.

Еске салайық,  АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі елден Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден қашып кеткеннен кейін заңсыз электронды тыңшылық жасады деген айыппен үлкен дауға қалды. Ол кезде Сноуден американың Ұлттық қауіпсіздік агенттігі күн сайын дүниежүзі бойынша 5 млрд адамның  және 35 елдің басшыларының ұялы телефон қоңырауынан ақпарат жинайтынын Washington Post және Guardian газеттерінде жариялап жіберген болатын.  Үкімет басшылары оның бұл әрекетін отанын сату деп бағалап отыр. Сноуден АҚШ-тан Гонконгке ұшып кеткен, ал 23 шілдеде Ресейге келіп, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында бөгеліп қалған. 1 тамызда Ресей оған бір жыл тұрақтауға рұқсат берген. Айта кетейік, АҚШ Сноуденді құпия мәліметтерді заңсыз таратты деп айыптауда. Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкеріне әр пункті бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қауіпі төніп тұр.

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети