23 желтоқсан 2016 | 10:25

Берлиндік лаңкес шабуылдан кейін видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Spiegel Online © Spiegel Online

Берлинде теракт жасады деген күдікті тунистік Анис Амри оқиға болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң бақылау камераларына түсіп қалған. Видео кадрларын неміс радиостанцияларының бірі таратты, - деп хабарлайды Вести.ru.


Иконка комментария блок соц сети

Берлинде теракт жасады деген күдікті тунистік Анис Амри оқиға болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң бақылау камераларына түсіп қалған. Видео кадрларын неміс радиостанцияларының бірі таратты, - деп хабарлайды Вести.ru.

Амри Берлин орталығындағы Моабит ауданындағы мешіттердің бірінен шығады. Оны бір апта бұрын да сол жерден көргендер бар. Таяуда намаз оқитын үйде тінту шаралары өткен. Германия прокуратурасы ер адамды қамауға алуға ордер берді. Осыған дейін бұл оқиға бойынша жаңа деректердің табылғаны хабарланған. Жүк көлігінің есігінде Амридің саусақ іздері және кабинадан оның қаны табылған. Әзірше күдіктінің қайда екені белгісіз. Түнде оны Стокгольмдегі Air Berlin ұшағының бортынан іздеген. 

Сонымен қатар, Германияда антитеррорлық рейдтер жалғасып жатыр. Дуйсбург қаласында екі адам ұсталды. Олар сауда орталығында лаңкестік жасамақшы болды деген айып тағылған. 

Еске салайық, 19 желтоқсанда кешкі уақытта Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кеткен болатын. Қала полициясы Twitter желісінде тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін қаза болғандардың саны 12-ге жетті. Сондай-ақ, ауруханаға 48 адам жеткізілген. Полицейлер бұл оқиғаны теракт болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлады N-TV құқық қорғау органдарының өкілдеріне сілтеме жасап. ДАИШ осы қылмысты өз мойнына алған.


©Fabrizio Bensch / Reuters

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети