Бес айда Ингушетия үкіметі екінші рет отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес айда Ингушетия үкіметі екінші рет отставкаға кетті © INSTAGRAM.COM/KALIMATOV_MM/

Ингушетия басшысы Махмуд-Али Калиматов дүйсенбіде соңғы бес айда екінші рет өңірлік үкіметті отставкаға жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости.  


Ингушетия басшысы Махмуд-Али Калиматов дүйсенбіде соңғы бес айда екінші рет өңірлік үкіметті отставкаға жіберді, - деп хабарлайды РИА Новости.  

"Менің шешіміммен Ингушетия Республикасының үкіметі отставкаға кетті", - деп жазды Калиматов Instagram желісіндегі аккаунтында. 

2019 жылы қыркүйекте Калиматов Ингушетия басшысы болып сайланғаннан кейін үкіметті тарату туралы жарлыққа қол қойды. 12 қазанда Парламент республиканың премьер-министрі қызметіне Константин Суриковты тағайындауды мақұлдады. Осыдан кейін, өңір басшысы үкіметте біршама ауыс-түйістер жасады, алайда министрлер кабинетін жасақтау шарасы толыққанды аяқталмаған еді. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course down  582.69  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети