Ауғанстанда бірнеше күн бұрын терең құдыққа құлап кеткен тоғыз жасар баланы құтқару операциясы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ауғанстанда бірнеше күн бұрын терең құдыққа құлап кеткен тоғыз жасар баланы құтқару операциясы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Twitter-де Талибан (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) саяси кеңсесінің өкілі Анас Хаккани мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, Хайдардан мәңгіге айырылып қалдық. Еліміз бүгін тағы да үлкен трагедияны басынан өткерді", - деп жазды ол Twitter-де.
Басылым мәліметінше, құтқарушылар Хайдар есімді баланы құдықтан шығару үшін тәулік бойы жұмыс істеп, оны алып шыққан. Алайда жергілікті журналистер оңтүстіктегі Забул провинциясында құдықтан шығарылған бала ес-түссіз жатқанын және тыныс алмағанын хабарлады. Құтқарушылар бейсенбіден бері құдықтан ешқандай дыбыс шықпағанын айтқан.
د هيواد محبوب وزير دفاع مولوي محمد يعقوب مجاهد او د سولې سفیر انس حقاني زابل ته رسیدلي او د حيدر د ژغورنې عمليات له نژدې څاري او د دې انتظار باسی چي ماشوم تر خپلې مورکۍ سالم ورسوي.#حيدر_وژغورئ pic.twitter.com/mcUzfCzTg3
— Ahmadullah wasiq (@WasiqAhmadullah) February 17, 2022
Құтқарушылар баланы шығару үшін ор қазғаны айтылды. Ол жедел медициналық көмек көрсету үшін тікұшақпен Кабулдағы ауруханаға жеткізілуі керек еді.
"Құтқару операциясы аяқталғаннан кейін алғашқы минуттарда ол тыныс алып жатты, дәрігерлер оған оттегі берді. Медицина қызметкерлері оны тікұшаққа ауыстырмақ болған кезде, ол қайтыс болды", - деді Забула полициясының өкілі Забиулла Джавхар.
Еске салайық, бала бес күн бұрын тереңдігі 25 метрдей құдыққа құлап кеткен. Баланы құтқару операциясы бірнеше күн бойы жалғасқан. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілік еткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!