08 қазан 2021 15:44

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ресейлік "Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Муратов пен филиппиндік журналист Мария Ресса Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Ослодағы Норвегиялық Нобель комитеті мәлімдеді" - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі novayagazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

"Екі журналист те "демократия мен бейбітшіліктің алғышарты ретінде ой бостандығын сақтауға тырысқаны үшін" марапатқа ие болды", - делінген хабарламада.

"Новая газета" 1993 жылы құрылғаннан бері сыбайлас жемқорлық, полиция зорлық-зомбылығы, заңсыз қамауға алу, сайлау манипуляциясы, тролль зауыттары және Ресей әскерлерін Ресейде және одан тыс жерлерде қолдануға қатысты тақырыптар бойынша сыни мақалалар жариялады. Газет құрылғаннан бері оның алты журналисін, соның ішінде Шешенстандағы соғыс туралы жазған Анна Политковскаяны өлтіріп кеткен болатын. Кісі өлтіру мен қауіп-қатерге қарамастан, бас редактор Муратов Тәуелсіздік қағидатынан бас тартпады және журналистердің таңдалған тақырыптарға жазу құқығын дәйекті түрде қорғады, өйткені бұл журналистиканың кәсіби және этикалық стандарттарына сәйкес келеді", - деді комитет басшысы Берит рейс-Андерсен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети