09 желтоқсан 2021 09:56

Бейжің Олимпиадасына тағы екі ел бойкот жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ұлыбритания мен Канада Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына ресми өкілдерін жібермейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ұлыбритания мен Канада Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына ресми өкілдерін жібермейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты іс-шараға ешбір министр немесе басқа шенеунік қатыспайтынын айтты, Бейжің мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады.

©REUTERS

Канада да сол күні Ұлыбританияның жолын қуып, Қытайдағы қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялады.

"Канада Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуы туралы хабарларға қатты алаңдаулы. Біз Бейжіңдегі қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломатиялық өкілдер жібермейміз", - деп жазды премьер-министр Джастин Трюдо Twitter-де.

Оның пікірінше, Канаданың немесе оның одақтастарының бұл қадамы Қытай үшін таңғаларлық жағдай емес.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах саяси бойкоттардың көбеюіне қарамастан, комитет спортшылардың Олимпиадаға әлі де қатыса алатынына қуанышты екенін айтты.

2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында, ал қысқы Паралимпиада 4-13 наурыз аралығында өтеді. Жапония да дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Канада Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялаған төртінші ел болды. Бұған дейін АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландия да дипломаттарын ойындарға жібермеу туралы шешім қабылдаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети