Бейжіңде 14 күн карантин жарияланды

Бейжіңде 14 күн карантин жарияланды © REUTERS

Бейжіңге 14 ақпаннан бастап баратын барлық адамға міндетті карантин жарияланды. Бұл туралы Қытайдың Орталық телевизиясы хабар таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

"Бүгіннен бастап Бейжіңге оралғанның барлығы 14 күн бойы үйде немесе орталықтандырылған бақылауда болуы тиіс. Қадағалаудан және алдын алу мен бақылау бойынша басқа да шаралардан бас тартатындар заң бойынша жауапқа тартылады", - делінген Weibo-дағы телеарна хабарламасында.

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 1380 адамға жетті.  Бұған дейін ДДСҰ халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берген - COVID-2019. Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары пневмонияның жаңа түрі Жер халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін деген болжам жасаған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама