Әлем халқының 60 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Уханннан шыққан Covid-19 коронавирусы қарқынды тарауын тоқтатпаса әлем халқының 60 пайызына жұғып, 45 миллионнан аса адамның өмірін қиюы мүмкін. Осындай мәлімдемені Гонконгтың бас эпидемиологы, профессор Габриэль Люн жасады, - деп хабарлайды The Guardian.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Уханннан шыққан Covid-19 коронавирусы қарқынды тарауын тоқтатпаса әлем халқының 60 пайызына жұғып, 45 миллионнан аса адамның өмірін қиюы мүмкін. Осындай мәлімдемені Гонконгтың бас эпидемиологы, профессор Габриэль Люн жасады, - деп хабарлайды The Guardian.

Таяуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейус коронавирустың Қытайдан тыс жерде тарауының бүгінгі жағдайы "мұзтаудың басы". Ол барлық елде вирустың таралуы ықтималдығына дайындалу үшін бар мүмкіндікті пайдалануға шақырды. 

Гонконг профессорының айтуынша, қазіргі басты мәселе - сол "мұзтаудың" өлшемі мен көлемін анықтау. "әлем халқының 60 пайызы - тым көп", - деп мәлімдеді Люн.

Коронавирустан өлім-жітім 1 пайыз болғанның өзінде, Габриэль Люннің айтуынша, бұл ондаға миллион адамның өмірі. Бүгінде Жер бетінде 7,57 миллиард адам бар, коронавирус кем дегенде 4,5 миллиард адамға жұғуы мүмкін, өлім-жітім 1 пайыз болғанның өзінде бұл 45 миллион адамның өмірін қияды деген сөз.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусты әлемде 60 386 адам жұқтырған, 1370 адам қаза болған, 6 мыңға жуығы айыққан.

Euronews хабарына қарағанда, эпидемияның шарықтау шегінен адамзат әлі өтпеген, Covid-19 тарау жағдайы алдағы уақытта тек өсім көрсетеді. Эпидемия басталған Уханда комендант сағаты жарияланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer