Ухандағы студент қыз: "Кейбіреулер жылап-сықтап жүр"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© facebook/Ирина Чуйко © facebook/Ирина Чуйко

Уханда тұратын украиналық студент Ирина Чуйко Украина билігінің әлі күнге дейін оларды эвакуацияламағанын айтады. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Уханда тұратын украиналық студент Ирина Чуйко Украина билігінің әлі күнге дейін оларды эвакуацияламағанын айтады. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылады.

Телеарнаның мәліметінше, Киев билігі өткен аптада ұшақ жіберуі керек болған, алайда кейін рейсті 14 ақпанға ауыстырған. Енді ұшақтың нақты қашан жіберілетіні айтылмай отыр дейді.

"Жаңалықтарда Украина билігінің барлық азаматын Уханнан эвакуациялайды, тіпті гүл шоқтарымен күтіп алады деп айтып жатқан болатын. Бірақ ұшақ сол күйі бізге жіберілген жоқ", - дейді студент қыз Чуйко.

Украиналық студент далаға шығуға қорқып отырғанын айтады.

"Кейбір қыздар жылап-сықтап жүр", - дейді Украинадағы қыз.

Ал Украинаның премьер-министрі, телеарнаның мәліметінше, ұшақтың таяуда жіберіледі деп уәде берді.

Еске салайық, мұның алдында Уханннан шыққан Covid-19 коронавирусы қарқынды тарауын тоқтатпаса әлем халқының 60 пайызына жұғып, 45 миллионнан аса адамның өмірін қиюы мүмкін екені айтылған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирусты әлемде 60 386 адам жұқтырған, 1370 адам қаза болған, 6 мыңға жуығы айыққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer