Бейжіңде мейрамханалар жабылып, ковид ауруханасы қайта іске қосылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Бейжің билігі коронавирустың өршуіне байланысты Сяотаншань ауруханасын қайта ашуға шешім қабылдады. Онда 2003 жылы пневмонияға шалдыққан науқастар, 2020 жылы COVID-19 жұқтырғандар емделген, - деп хабарлайды Euronews.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бейжің билігі коронавирустың өршуіне байланысты Сяотаншань ауруханасын қайта ашуға шешім қабылдады. Онда 2003 жылы пневмонияға шалдыққан науқастар, 2020 жылы COVID-19 жұқтырғандар емделген, - деп хабарлайды Euronews.

Кейінгі тәулікте ел астанасында инфекция жұқтырған 53 дерек тіркелген, ал ел бойынша 50 мыңнан асқан.

Экономикалық шығын мен халықтың наразылығына қарамастан, Бейжің билігі жақын арада қоғамдық орындарға кіруді одан әрі шектейтінін мәлімдеді.

Қаладағы мейрамханалар уақытша жабылады, ал тұрғындар қоғамдық орындарға бару үшін COVID-19 тестін тапсыруы керек.

Мамырдағы бес күндік демалыс - Қытайдағы ең қызық туристік кезеңдердің бірі. Бірақ билік елде COVID-19 өршуіне байланысты халық үйлерінде отырады деп үміттенеді.

Қытай билігі омикрон жұқтырғандарға жаппай тестілеу және мекемелерді жапты. Осылайша, вирустың таралуын болдырмау мақсатында "COVID-19-дың нөл деңгейіне дейін" саясатын күшейтті.

"Қазір қалада індет жеке және кластерлік індеттермен тығыз байланысты таралып жатыр. Асимптоматикалық және жеңіл жағдайларды емдеу үшін Бейжің қалалық COVID-19 эпидемиясының алдын алу және бақылау комиссиясы 2022 жылғы 1 мамырдан бастап Сяотаншань ауруханасын ресми түрде ашуға шешім қабылдады", - деді Бейжің қалалық денсаулық сақтау комиссиясы директорының орынбасары Ли Ан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro