ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2020 | 09:40
Бейрутта мыңдаған адам үкімет ғимараттарына басып кірді
Сенбі, 8 тамызда Бейрут орталығында мыңдаған адам үкіметке қарсы митингіге шықты, наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында жаппай қақтығыс болды. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенбі, 8 тамызда Бейрут орталығында мыңдаған адам үкіметке қарсы митингіге шықты, наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында жаппай қақтығыс болды. Бұл туралы Euronews телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алаңға шыққандар мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасады: атап айтқанда СІМ, энергетика, экономика және табиғатты қорғау министрліктеріне.
Ливан банктері қауымдастығының штаб-пәтерін басып алуға да әрекет жасалды, бірақ күзетшілер ашулы халыққа қарсы тұра алды. Кейінірек әскер келіп, наразылық білдірушілерді министрлік ғимараттарынан ығыстырды.
Қақтығыс кезінде демонстрацияға қатысқан жүздеген тұрғын мен құқық қорғау органдарының 70-тен аса қызметкері зардап шекті. Қарулы күштерден бір қызметкер қаза тапты.
Акцияға қатысушылар жарылысқа кінәлі деп санайтын жоғары лауазымды шенеуніктерді жазалауды талап етті. РИА Новости тілшісі наразылық білдірушілер "Бейрут - демилитаризацияланған қала" және "Революция астанасы" деп жазылған плакаттарды көтеріп шыққанын жазды.
Don't let resistance-propaganda accounts convince you that protests in #Beirut are partisan.
— Amaris (@HorLevnon) August 8, 2020
As you could see below, protesters are against both camps pic.twitter.com/9pPjI4O5xn
Ливан президенті Мишель Аун, парламент спикері Набих Берри және премьер-министр Хасан Диабтің отставкаға кетуі талап етілді. Соңғысы мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырды.
"Дүйсенбіде министрлер кеңесінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс жасаймын. Бізде үлкен қайғы болды", - деді Хасан Диаб.
Премьер-министр Бейрут портындағы жарылыстың тергеуі ұзаққа созылмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, болған оқиға "көпжылдық сыбайлас жемқорлықтың" нәтижесі және ол барлық кінәлі адам табылатынына уәде берді.
Absolutely staggering numbers toay in #Beirut. Square split between peaceful on one side and rioting on the other. We’re hearing live fire every now and then. Over 100 injured so far. #LebanonProtests pic.twitter.com/C4cpYhyJIQ
— Timour Azhari (@timourazhari) August 8, 2020
Бейруттағы жарылыстың салдары. Фото мен видео жарияланды
Ливан астанасындағы қақтығыс кезінде де үш мың тоннаға жуық аммиак селитрасы жарылған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғаса берді. Еске салайық, жарылыстан 150-ден астам адам қаза тапты, алты мыңға жуық адам зардап шекті, 300 мың тұрғын баспанасыз қалды.
Бейруттағы жойқын жарылыс: оқиға қалай болды?
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также