05 тамыз 2020 10:01

Бейруттағы жарылыстың салдары. Фото мен видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости© Фото: РИА Новости©

Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, жарылыс Бейрут портындағы қоймада болған.

Басында тарсыл естілді, бес минуттан кейін қара және күлгін түтін шықты және содан соң жойқын жарылыс болып, қызыл алау аспанға көтерілді. Жарылыс болған жерден бірнеше шақырым жердегі үйлердің терезесі сынған.

Кейбір дереккөз бір жылдан астам уақыт бұрын кемелердің бірінен тәркіленген натрий нитраты жарылған болуы мүмкін екенін хабарлады.

Бейрут губернаторы Марван Аббуд жарылысты 1945 жылы жапониялық Хиросима және Нагасаки қалаларында болған ядролық соққымен салыстырды.

Бейруттағы жойқын жарылыстан 78 адам қаза тапты


REUTERS©

Марван Аббудтың айтуынша, Бейруттағы ғимараттардың жартысы зардап шекті.

"Салдары ауыр болып тұр. Бейруттағы ғимараттардың жартысына зақым келді", - деді губернатор.


РИА Новости©

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде жергілікті ауруханада түсірілген видео тарады. Онда жарылыстан зардап шеккен жүздеген науқас жатыр. 

Ливан денсаулық сақтау министрі Мухаммед Хассан Бейруттағы ауруханалардың бәрі толды және зардап шеккендерді басқа қалаға жеткізуді талап етті.


REUTERS©

Айта кетейік, жарылыс кезінде Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына да зақым келген. СІМ баспасөз қызметі қазақстандық консул жарақат алғанын хабарлады.

Бейруттағы жарылыс: Ливан премьері себебін айтты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети