Лондонда иті иесін талап өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Лондонда иті иесін талап өлтірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
41 жастағы Марио Перивойтос телеарнаға сұхбат беріп жатқан кезде Стаффордшир бультерьері тұқымды иті иесіне тап беріп, ауыр жарақаттаған. Иттің иесі көп қан жоғалтып, ауруханаға жеткен кезде көз жұмған.
Итті арнайы орынға апарып, оны өлтіру немесе тірі қалдыру мәселесі қаралып жатыр.
Көз жұмған ер адамның көршілері иттің жақсы болғанын айтады. Тіпті бір кезде ит иесін өлімнен аман алып қалған көрінеді. Перивойтостың талмасы ұстап құлап қалған кезде, ол есінен айырылып қалмас үшін ит оны ақырын тістелеп отырған екен.
Стаффордшир бультерьері Ұлыбританияның "Қаупті иттер туралы актіне" кіргізілген. Бұл құжат бойынша мұндай иттерді сот рұқсатынсыз асырауға тыйым салынған.