Билік бейбіт және заңды түрде ауысты - Садыр Жапаров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билік бейбіт және заңды түрде ауысты - Садыр Жапаров Фото: gov.kg

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров Бішкекті тәртіпке келтіргендерге алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров Бішкекті тәртіпке келтіргендерге алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы күндері елде болған қоғамдық-саяси оқиғалар мемлекеттік төңкеріс болып саналмайды.

"Егер біз 5-6 қазанда жағдайды тұрақтандыруға тырыспасақ, осында отырмас едік. Абырой болғанда, біреудің жеке мүлкін тонау және заңсыз тартып алу болған жоқ. Төңкеріс те болмады. Билік бейбіт және заңды түрде ауысты", - деді Жапаров парламент отырысында.

Сондай-ақ, ол бірнеше сағаттан кейін Қырғызстан халқына үндеу жасайтынын атап өтті.

Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды

Айта кетейік, 15 қазанда Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. 

Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан еді. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Ақ үйді басып алды.

Ресми мәлімет бойынша, қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети