Билл Гейтс адамзатты жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билл Гейтс адамзатты жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді © Getty Images

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакциналар аурудың тарауын мүлде тоқтататыны туралы қандай да бір кепілдіктің жоғын айтты, - деп хабарлайды ИноТВ.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакциналар аурудың тарауын мүлде тоқтататыны туралы қандай да бір кепілдіктің жоғын айтты, - деп хабарлайды ИноТВ.

Алайда, оның айтуынша, басты мәселе вакцинаны әзірлеп, оны тарату емес, адамдарды екпе жасауға көндіру болады екен. 

"Сізде вакцинаны салдыру не салдырмауға таңдау болады. Бұл соңғы кедергілердің бірі", - дейді Билл Гейтс. 

Вакцинаны әзірлеу туралы миллиардер оны дайындайтын адамдар екіге бөлінетінін айтты: біріншіден, вакцина коронавирусқа қарсы қалай әсер ететінін, екіншіден, вирустың басқа адамдарға тарап кетпеуіне мән беретіндер. 

Гейтс әлемдегі және АҚШ-тағы коронавирус жағдайы күткендегіден "қиын" екенін айтады.

Кәсіпкер АҚШ-та вирус жұқтырғандар санының өсуі науқастардың дұрыс тексерістен өтпейтінімен және олармен байланыста болғандар дұрыс зерттелмейтінімен, сондай-ақ жергілікті халық маска тақпайтынымен байланыстырды. 

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 28 маусымдағы жағдай бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 125 мыңға жеткен.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети