Билл Гейтс жаңа пандемияны болжады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билл Гейтс жаңа пандемияны болжады ©REUTERS

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс COVID-19 ауыр ағымының қаупі айтарлықтай төмендегенін, бірақ тағы бір пандемия келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс COVID-19 ауыр ағымының қаупі айтарлықтай төмендегенін, бірақ тағы бір пандемия келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.

Гейтс Германиядағы жыл сайын болатын Мюнхен қауіпсіздік конференциясында CNBC-ге сөйлеген сөзінде COVID-19-дың қаупі төмендегенін айтты.

"Егде жастағы, семіздікпен, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін бұл инфекцияның қаупі күрт төмендеді ", - деді ол.

Алайда оның пікірінше, әлемге тағы бір пандемия келеді.

"Әлемге тағы бір пандемия келеді. Жаңа пандемия коронавирус отбасынан басқа патогенмен байланысты болады", - деп қосты ол.

Гейтс, егер инвестиция қазір салынса, медициналық технологиядағы соңғы жетістіктер жаңа пандемиямен жақсы күресуге көмектесетінін айтты.

"Егер барлық ел Аустралия сияқты әрекет етсе бұл пандемия болмас еді", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети