11 мамыр 2022 08:42

Билл Гейтс коронавирус жұқтырғанын хабарлады

Фото: ©REUTERS

Microsoft компаниясының негізін қалаған миллиардер Билл Гейтс коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Тwitter-де жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Microsoft компаниясының негізін қалаған миллиардер Билл Гейтс коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Тwitter-де жазды.

Билл Гейтс сынақта COVID-19 анықталғанын және симптомдары туралы жазды.

"Симптомдар жеңіл, оқшауланып, сауығып кеткенше сарапшылардың пікіріне құлақ асамын", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Гейтс толықтай екпе алғанын, тестілеуге рұқсаты барын және тамаша медициналық қызмет алып жатқанын хабарлады.

Миллиардер өзі құрған Gates Foundation қоры әлемді жаңа пандемиялардың қаупінен сақтау үшін серіктестерімен бірге жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Мұның алдында Билл Гейтс коронавирустың ең "жаман" штамы пайда болуы мүмкін екенін ескерткен. Ол келесі пандемияның алдын алу туралы кітабын да шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram